Соңғы кезде, микрофлора теңгерімін тұрақтандыратын бактериялы препараттар – пробиотиктер туралы әңгімелеген кезде Bacillus Clausii микроағзасы көбінесе айтылады. Ішек дисбиозының алдын алу мен емдеуге арналған антибиотиктерді қабылдаудың алғашқы күнінен бастап қолданылу әбден мүмкін спора түзуші микроағза. Берілген бацилланың бірегейлігі, заманауи пробиотиктерге талаптар және олардың берілуі мақсаты туралы толығырақ ақпаратты төменірек оқыңыз.
Осындай препараттардың тағайындалуының ең жиі кездесетін себебі ― фондық бактерияға қарсы ем. Шын мәнінде, ішек микробиоценозы осындай ем аясында қатты зардап шегеді. Кейбір деректер бойынша, кейбір антибиотиктер курсынан кейінгі бактероидтердің, бифидо және лактобациллалардың теңгерімінің қалпына келуі екі-төрт жылдарға дейін созылуы мүмкін [1-2]. Ал осы теңгерімнің бұзылуы, бұрынғы мақалаларда айтқанымыздай, аллергия, аутоиммундық аурулардың пайда болуы қаупінің артуына және жергілікті иммундық жауаптың бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Ішек микробиомасының өзгеруіне байланысты жаппай бұзылуларды болдырмау үшін бактерияға қарсы емнің алғашқы күнінен бастап пробиотиктерді тағайындау әбден көңілге қонымды және негізделген. Бірақ, болдырмау қиын кейбір мәселелер бар, осындай дәрілердің пайдалы бактерияларының барлығы бірдей антибиотиктерге, асқазанның қышқыл ортасына және өт қышқылдарының әсеріне төзімді емес. Сонымен қатар, арнайы антибиотиктерге тұрақты етіп жасалған пробиотикалық микроағзалардың ішекте тіршілік ететін патогенді және шартты-патогенді бактерияларға өзіндік төзімділік гендерін бермеуі өте маңызды. Ал бактериялардың мынадай ерекшелігі бар ― өзіндік көзқарасы бойынша пайдалы саналатын гендермен көршілермен бөлісу және пайдалы белгісі бойынша мутациялау. Сондықтан, пробиотиктерге қауіпсіздік бойынша өте жоғары талаптар қойылады. Осы аспектіде Bacillus түрінің микроағзалары, атап айтқанда, Bacillus Clausii ерекше назарға лайық.
Споралары пробиотикалық препарат болып табылатын Bacillus clausii биоэнтеросептиктердің топ бөлігіне жатады. Қалыпты жағдайда берілген бацилла ішек флорасының құрамында кездеспейді, бірақ, адам ағзасына енген кезде белсенді түрде зиянды бактериялардың патологиялық өсуін басып, ішектің облигатты (өзіндік пайдалы) флорасының мөлшерінің артуын қолдайды және шамамен 30 күннен кейін өз шаруасын аяқтап, өз бетімен ағзадан толықтай шығады.
Бациллалар тұқымында 77 микроағзаның түрі бар. Олардың арасында аса қауіпті және өте пайдалысы бар [1].
Бірақ осы микробтардың маңызды айрықша ерекшеліктерінің бірі жағымсыз сыртқы ортаның әсеріне тұрақты өмір формалары – споралар түзу мүмкіншілігі болып табылады. Бациллалардың дәл осы шеберлігі Bacillus clausii бірегей ағза қылады. Споралар асқорыту жолының агрессиялық факторларының химиялық шабуылынан өзгеріссіз өтеді және асқазан-ішек жолының нағыз керек бөлімдерінде өсіп, одан кейін өзінің микрофлораны қалпына келтіру бойынша миссиясын атқарады.
Спора өскеннен кейін одан бацилланың өзі пайда болады. Ағзада тіршілік ету кезінде ол қандай қызмет атқарады? Ол белсенді еңбек етеді және төмендегілерді жинақтайды:
Және әрине, Bacillus clausii ең маңызды ерекшеліктерінің бірі оның полиантибиотиктерге төзімділігі болып табылады. Ол бактерияға қарсы емнің алғашқы күнінен бастап бацилланың негізгі төрт штамы негізінде пробиотиктерді қабылдауды бастауға мүмкіндік береді. B.сlausii барлық төрт штамының көптеген антибиотиктерге тұрақтылығының кең спектрі бар: пенициллин, цефалоспориндер, аминогликозидтер, канамицин, тобрамицин, амикацин, макролидтер, тетрациклин, рифампицин [1].
Негізгі себеп ― ересектер мен балалардың антибиотикпен байланысты іш өтуінің алдын алу және емдеу.
B.clausii негізіндегі препаратты қолдану балаларға 4 аптадан бастап беруге рұқсат етіледі.
Бірақ басқа этиологиясы бар дисбактериоз да емге жақсы беріледі.
Бациллалардың споралары сыртқы ортаның әсерлеріне тұрақты, сақтауды жақсы көтереді және сондықтан құрамында осы заттар бар пробиотиктерді сапарларға шыққанда бірге алуға қолайлы. Әсіресе, кішкентай балалары бар отбасылар үшін маңызды. Өйткені, пробиотикалық препарат ретінде осы микроағзалардың қауіпсіздік профилі өте жоғары. Бірақ, әртүрлі препараттардың құрамына кіретін тура сол микроағзаның азды-көпті тиімді болатындығын естен шығармау маңызды, өйткені, бактерияның мөлшері мен белсенді штамы маңызды. Bacillus clausii үшін белсенді және қауіпсіз штаммдар O/C, NR, T және SIN Bacillus clausi болып табылады. Берілген штаммдар антибиотикке төзімділік гендерін патогенді және шартты-патогенді микроағзаларға бермейді, ал ол өте маңызды аспект болып табылады.
Сондықтан, егер сізденемесе балаңызда дисбактериоздың белгілері пайда болса және дәрігер сізге Bacillus clausii негізіндегі препаратты жазып берсе, сіз уайымсыз қауіпсіз, дәлелденген тиімді препаратты қабылдап жатқандығыңызға сенімді болуыңызға болады.
Өз бетіңізбен емделмеңіз – дәрігермен кеңесу керек