Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын Нобель сыйлығының лауреаты және Париждегі Пастер институтының профессоры Илья Мечников сүтқышқылды бактерияның (СҚБ) денсаулыққа жағымды әсер етіп, ұзақ өмір сүруге ықпал ететіндігін анықтаған болатын. Әлі күнге дейін созылған және әзір құлдырау нышаны байқалмайтын пробиотиктер дәуірінің дәл сол кезде басталуы әбден мүмкін.
Осыдан кейін көптеген ғалымдар ішекте тіршілік ететін микроағзаларға зер салып, ғылыми ізденістер жасай бастады. Ал қазіргі таңда PubMed адамды клиникалық зерттеулерді іздестіру пробиотиктер бойынша 2700 астам және пребиотиктер бойынша шамамен 600 жарияланған жұмыстар нәтижелерін көрсетеді.*
Пробиотиктер – сәйкес мөлшерде енгізген кезде иесіне пайда әкелетін тірі микроағзалар [1] . Пробиотиктер ретінде көбінесе Lactobacillus (1-сурет) және Bifidobacterium түрлері қолданылады, бірақ Saccharomyces boulardii ашытқылары мен E. coli және Bacillus кейбір түрлері осындай рөл атқарады. Таяуда Еуропалық Одақта жаңа тағам өнімі ретінде Clostridium butyricum тіркелді.
Пребиотиктер тұжырымдамасы пробиотиктерге қарағанда айтарлықтай кейінірек пайда болды және алғаш рет Гибсон және Роберфройд 1995 жылы ұсынды [2]. Осы заттардың өзіндік пайдалы микробтардың көбейіп, өсуіне көмектесіп, иесінің ішектерінде бойға таралмай, адамның денсаулығына жағымды әсер етуі пребиотиктер әрекетінің мәні болып табылады.
Пребиотиктердің негізгі әсерлері:
Шамамен айтқанда, ішектегі бифидобактериялар санының артуы әлеуетті патогендерді залалсыздандыратын компоненттерді, сондай-ақ, дәрумендер мен ас қорыту ферменттерін өндіру есебінен адам денсаулығына оң әсер тигізеді. Яғни, бейнелеп айтқанда пребиотиктер пайдалы бактериялар үшін «негіз» болып табылады. Пребиотиктер немесе пробиотиктерді қолданудағы мақсат — миллиардтаған микробтар тіршілік ететін ішек ортасына әсер етіп, әлсіреуге жол бермеу арқылы адамның денсаулығын сақтау.
Пребиотиктердің қызметтері өте ауқымды келеді:
Ішек микробиотасы – ас қорытуға көмектесетін жай ғана бактериялар емес. Ол – адам ағзасымен тығыз ынтымақтастық орнатқан өзіндік жүйе, және ол жүйесіз адамның дені сау бола алмайды.
Ішекте бар негізінен тоқ ішекте тіршілік ететін және жүздеген түрден тұратын микробтардың саны орасан зор.
Бағалау бойынша, ересек адамның тоқ ішегінде 40 миллиардтан астам бактериялы жасушалар бар.
Сонымен қатар, саңырауқұлақтар мен басқа микроағзалар да бар. Бұл - микрофлораның қалыпты құрамы. Бірақ ол әр адамда дербес болады және көптеген себептерге тәуелді: тамақтанудан бастап өмірге келу тәсіліне дейін (қынаптық (табиғи) босану немесе кесарь тілігі).
Құрамында пробиотиктер мен пребиотиктер бар өнімдер әлемнің көптеген аймақтарында жақсы қолданып келеді. Дәстүрлі тағамнан бастап рецептура препараттарына дейін өнімдердің кең ауқымы қол жетімді. Көбінесе, пробиотиктер мен пребиотиктер тағам өнімдері немесе тағам қоспалары түрінде сатылады. Медицинада қолданылуы туралы айтатын болсақ, пробиотикалық микроағзаларды немесе пребиотиктерді қолданумен емдеуге болатын негізгі бағыттар бар. Мысалы, лактулозаның қатты бауыр зақымдануына шалдыққан емделушілердің бауыр энцефалопатиясының белгілерін азайтуы дәлелденген.
Пробиотиктер туралы айтар болсақ, олардың қолданылу ауқымы өте кең. Негізгі бағыты: іш өтуін емдеу және алдын алу. Белгілі пробиотиктердің сондай-ақ антибиотикпен байланысты іш өтуін емдеудегі тиімділігінің маңызды дәлелдері бар. Сонымен қатар, кейбір штамдар келесі ауруларды емдеу мен алдын алуда қолданылады: тітіркенген ішек синдромы, шала туылған балалардың некрозды энтероколиті.
Көптеген зерттеулер пробиотиктердің бактериялы вагиноз құбылыстарын азайтып, жаңа туылған сәбилердің оғаш дерматиті дамуын болдырмау, тісжегіні азайту, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпаларының жиілігі мен ұзақтығын азайту және тіпті 2 типті қант диабетінің алдын алу мүмкіндігін көрсетті [1].
Осылайша, пробиотиктер мен пребиотиктердің пайдалы әсерлерін елемеуге болмайды және сірә, олардың дәуірінің енді ғана басталғандығын мойындау керек. Алда әлі қызықты жаңалықтар көп.
* 01.04.2021 ж. жағдайы бойынша
Өз бетіңізбен емделмеңіз – дәрігермен кеңесу керек