Антибиотиктерді қабылдағаннан пайда болатын іштің өтуін қалай тоқтатуға болады
Антибиотиктер бұл ең көп қолданылатын дәрілік топтардың бірі. Ауруханадағыемдеу кезінде олардың тағайындалуы дәрі-дәрмектердің жалпы көлемінің 70% -на жетеді[1]. Олардың тағайындалуы өмірлік маңызды, бірақ қауіпті және ауыр жанама әсерлер тудыруы мүмкін. Сондықтан оларды пайдалану қатаң бақылауға алынуы кажет.
Антибактериалды дәрі-дәрмектер жиі тағайындалатындығынан басқа, олар тиімсіз қолданылатын дәрілер ретінде әлі де жетекші орында[1]. Мұндай бақылаусыз қолданудың салдарының ішінде - жанама және уытты реакциялардың өсуі, бактериялардың тұрақтылығы, яғни бактериялардың олардың әсеріне төзімділігі және ауруханада болу ұзақтығының артуы болуымен анықталады [1].
Антибиотиктердің маңызды жанама әсерлерінің бірі олардың ішек микрофлорасына кері әсер етуі арқылы пайда болатын антибиотикпен байланысты іштің өтуі(диарея) дамуы болып табылады.Ол антибактериалды дәрі-дәрмектермен емдеу кезінде немесе 2-8 аптадан кейін пайда болатын жиі нәжіспен сипатталады. Мұндай диареяның жиілігі қолданылатын дәрілік заттар тобына байланысты және ол 5-39% -ды құрайды[3].
Әдетте, ішекті мекендейтін бактериялар мен оны құрайтын микробиом бактерияға қарсы белсенділігі бар заттар шығарады, олар ішек қабырғасына ауру тудыратын микроағзалардың енуіне және олардың шамадан тыс өсуіне жол бермейді[2]. Осы табиғи қорғаныс бұзылған кезде шартты-дерттік бактериялар, яғни ықтимал қауіпті бактериялар мен саңырауқұлақтардың көбеюіне жағдайлар жасалады[2].
Ықтимал себептер
Көптеген антибиотиктердің әсер ету механизмі толық зерттелмеген. Көп жағдайда олар бактериялық жасуша мембранасының өткізгіштігін бұзады, нәтижесінде жасуша мен сыртқы орта арасындағы зат алмасу зардап шегеді. Сондай-ақ бактерияның қабығы әлсіреп немесе еруі мүмкін, нәтижесінде ол тірі организм ретінде тіршілік етуін тоқтатады. Тағы бір нұсқа - микроағзалардың өмірлік процестерін тоқтату және оны ендігі жерде ауру туғызбайтын белсенді емес фазаға көшіру болып табылады[3].
Антибактериалды дәрі-дәрмектерді қабылдау кезінде диарея қалай дами алады?
Негізгі гипотеза екі механизмді ұсынады[4]:
- Антибиотиктердің зиянды әсері - аллергиялық, уытты, фармакологиялық.
- Ішектегі микробиологиялық және алмасулық өзгерістер - оның қозғалтқыш функциясының бұзылуы, өт қышқылдарының алмасуының бұзылуы, ықтимал қауіпті микрофлораның көбеюі, мысалы, Clostridium difficile-нің, қалыпты флораның басылуына жауап ретінде ащы және тоқ ішектегі көбеюі.
Асқазан-ішек жолдарының жағдайы даөтемаңыздыболып табылады. Сонымен қатар, функционалды немесе басқа бұзылулар кезінде диарея ауыр түрде өтуі мүмкін.
Антибиотиктерді қабылдағаннан кейін пайда болатын диарея қауіпін арттыратын алдын-ала анықтайтын факторларға:
- Жас-5 жасқа дейінгі балалар және 65 жастан асқан қарт адамдар
- антибиотиктердің белгілі бір тобы
- тәртіптемені ұстанбау - 5 күннен артық қабылдау, дозаныңдұрыс тағайындалмаулы
- қатар жүретін ауыр аурулар, жақында жасалған ота
- ауруханада ұзақ болу, әсіресе жансақтау бөлімінденемесе қарқынды терапияда
Ықтимал салдары
Емдеу тәсілдерін одан әрі анықтау үшін кейбір сарапшылар антибиотикпен байланысты диареяның идиопатиялық нұсқасын жәнеклостридияның көбеюінен туындаған диарея деп ажыратады[2]. Соңғысын инфекциялық диареяның түрі ретінде қарастыруға болады.
Антибактериалды дәрі-дәрмек қабылдау кезінде диареяның келесі түрлері дамуы мүмкін:
- осмотикалық - ішек қуысында осмостық қысымның жоғарылауымен бірге жүретін көмірсулар алмасуының бұзылуының нәтижесінде пайда болады, одан бөлек механизм - кейбір антибиотиктердің немесе олардың түрлерінің майлардың сіңуінің бұзылуымен немесе дәрілердің тікелей уытты әсерімен үйлесімде толық сіңбеуі;
- гипермоторлы - асқазан мен ішектің қозғалғыштығының бұзылуынан дамиды, бұл ас қорыту жолдарының бойында тамақ кесектері мен ішек құрамының қозғалу жылдамдығын арттыратын дәрілік заттардың фармакологиялық әсеріне байланысты;
- секреторлық - өт қышқылдарының айналуы мен алмасуы бұзылған кезде байқалады, нәтижесінде хлор мен судың ішек қуысына көп мөлшерде бөлінуі ынталандырылады, ал натрий мен судың сіңуін реттейтін май қышқылының өндірісі азаяды;
- дисбактериоз - ішек микрофлорасы құрамының бұзылуы, оның шырышты қабығының қорғаныс функциясының төмендеуімен жүреді және ықтимал қауіпті микроағзалардың көбеюіне ықпал етеді;
- инфекциялық - антибиотиктерге төзімді және аурудың ауырлығын жоғарылататын клостридиялардың, сальмонелдің кейбір штамдарының және басқадабактериялардың өте белсенді түрлерінің пайда болуымен байланысты.
Қазіргі жіктеу сонымен қатар антибиотикпен байланысты диареяның клиникалық көрінісі мен ауырлығын ескереді және келесі түрлерді ұсынады:
- Диарея - бұл ең жұмсақ дәреже, бұл кезде негізгі симптом – іштіңөтуі, яғни нәжісі жиі, іштің ауырсынуымен немесе жалпы мазасыздықпен жүреді. Әдетте, антибиотикті тоқтатқаннан кейін ол өздігінен кетеді.
- Колит (тоқ ішектің диареяменқатарқабынуы, ішектіңшаншуынаұқсас іштің ауыруы, жалпы интоксикациялық белгілер және дене қызуының көтерілуі. Бұған геморрагиялық колитте жатадыол кезде шырышты қабықшаның зақымдалуына байланысты нәжісте қан табылуы мүмкін.
- Псевдо-мембраналық колит - бұл диареяның ең ауыр түрі, онда нәжістің жиілігі тәулігіне 15-30 ретке жетуі мүмкін, қабыну белгілері, және дене қызуы жоғарылайды, ал басты қауіп –бұл сусыздану, ақуызсыз ісінудің дамуымен электролиттер мен белоктардың жоғалуы.
- Қосымшатүріндисбактериоз немесе классикалық анықтамаға сәйкес келмейтін диареяның жеңіл белгілері деп санауға болады.
Антибиотикпен байланысты диареядан басқа, антибиотиктерді қабылдау нәтижесінде пайда болатын жанама реакцияларға бауырға, бүйректерге, қан түзетін мүшелерге, есту қабілетіне, иммундық жүйеге, дәнекер тінге, қан тамырларына және жүйке жүйесіне уытты әсерлер де кіреді[3].
Ересек адамдар мен балаларда антибиотиктен кейін пайда болатыніштің өтуін қалай тоқтатуға болады
Антибиотикпен байланысты диареяны емдеуді тек дәрігер тағайындай алады, сондықтан оның кеңесі антибиотиктерді таңдау мен қатар, оларды қолданудан пайда болған салдарымен күресу үшін де қажет.
Диареяның жеңіл жағдайларын емдеу үшін бактерияға қарсы дәрі-дәрмектерді ішудітоқтатунемесе ауыстыру,рациондағы көмірсулардың мөлшерін азайту және пробиотиктерді тағайындау жеткілікті. Пробиотиктер бұл қалыпты жағдайда ішекте болатын бактериялардан тұратын дәрілер.
Қалай емдейді?
Пробиотиктерге енгізу үшін тағайындалғанмикроағзалар бірқатар қасиеттерге ие болуы керек:
- зерттеу нәтижелерімен дәлелденгенәсер,
- препараттың барлық жарамдылық мерзімінде өміршеңдікті сақтау;
- тұрақты клиникалық тиімділік
- уыттылықтың болмауы және инфекциялық агентке айналу ықтималдығы,
- ағзаға жағымды әсер ету,
- белсенділігін сақтап және жоғары қышқылдыққа,ішек шырындарына, токсиндер мен ферменттердің әрекетіне төзімділік қабілетінің болуы;
Пробиотиктер:
- компоненттер саны бойынша - монокомпонентті, көпкомпонентті құрамына бірнеше бактериялар кіретін құрамдастырылған;
- құрамы бойынша - бифидо, лакто, коли бар пробиотиктер, спорабар пробиотиктер, сахаромицеттер.
Балаларда сусызданудыңбелгілерініңболмауын қадағалау өте маңызды - терінің құрғауы, енжарлық, ұйқышылдық және зәр шығару жиілігінің төмендеуі. Түзету үшін ішуге арналған регидратациялық ерітінділер тағайындалады.
Ауыр инфекциялық диарея болған жағдайда, антибиотик тағайындау қажет болуы мүмкін.
Антибиотикті қолданудан пайда болатын диареяның дамуының алдын-алу антибактериалды дәрі-дірмектерді ақылға қонымды және қасақана тағайындаудан ғана қоймай сонымен қатар алғашқы күндерденбастаппробиотиктерді тағайындаудан тұрады. Алайда барлық жағдайда дәрігермен кеңесу қажет.