Адам баласы ана құрсағында абсолютті таза ортада болады. Қағанақ суы орналасқан кеңістік құрсақішілік жұқпа болмаған жағдайда, абсолютті стерильді болып табылады. Бірақ, өмірге келген сәтте нәресте бактериялар әлемімен жанасып, осы кезден бастап ішек микрофлорасының қалыптасуы басталады және ол кейін ересек кезде адамның дамуы мен денсаулығына тікелей әсер етеді.
Бактериялардың қоныстануы
Ананың иммунитеті әлі туылмаған сәби ағзасына бір де бір бактерияның кіруіне жол бермейді. Ал босану барысында, босану жолынан өту кезінде бала анасының флорасымен зардаптанады. Босану кезінде жүкті әйелдің қынабында лактобациллалар көп болады. Өйткені, лактобактериялар сүт қышқылын бөле алады. Жүктілік кезінде әйел денесінің температурасы, оның иммундық жүйесінің агрессияшылдығы өзгеріп, осы факторлардың барлығы лактобациллалардың көбейіп, сүт қышқылының көмегімен босану жолдарын ағзадағы ең таза жерлердің бірі қылуға мүмкіндік береді. Қалыпты жағдайда, босану кезінде кішкентай адам үшін қажет бактериялардың аз мөлшері қалуы тиіс. [1]
Баланың ішек микробиотасының қалыптасуы ― айтарлықтай ұзақ үдеріс. Орташа есеппен алғанда, үш жылға созылады. Бірақ, ішек бактерияларының бастапқы құрамына төмендегідей бірнеше фактор әсер етеді:
Қоректендіру әдісі (емізу);
Алғашқы сағаттарда көкірегіне басу;
Босану жолы (кесарь тілігі немесе табиғи жолмен босану);
Құрсақішілік жұқпаның болуы немесе жоқтығы.
Алғашқы айларда емізу өте маңызды. Өйткені, ана сүтімен бірге сәби залалды флора дамуын тоқтататын, ас қорытуға көмектесетін және алғашқы айларда иммунитетке әсер ететін өте бағалы бифидобактериялар алады.
Дағдарыс кездері
Баланың ішек микрофлорасының тіршілігінде бірнеше маңызды жағдайлар бар. Бактериялық құрамның теңгерімін өзгертетін өзіндік төңкерістер. Олардың кейбірі – физиологиялық, ал кейбірі залалды факторлардан туындайды:
Осындай дағдарыстардың бактериялар себебінен туындайтын ашу және шіру үдерістерінің теңгерімінің бұзылуымен қатар жүруі түсінікті жағдай. Әдетте олар тепе-теңдікті сақтайды, ал бұзылу кезінде іш кебуі, жоғары газ түзілу, іш ауруы, дәреттің бұзылуы (іш қатуы немесе іш өтуі) сияқты құбылыстар пайда болады. Кейде бактериялар біраз уақыт алса да, қиындықпен өз бетінше күреседі, бірақ кей кезде пребиотиктер немесе пробиотиктер сияқты қосымша препараттарды қабылдау қажет болады.
Микрофлораның саулығы
Ішекке қандай бактериялардың кіруі, оның барысы мен әдістері өте маңызды болып табылады. Бірақ, микробиотаның амандығы мен жайлы жағдайлары туралы ойлау да өте маңызды.
Әсіресе, нәрестелердің ата-аналары есте сақтауы тиіс бірнеше жағдайлар бар:
мүмкіндігінше, бір жасқа дейін емізу;
уақытында және аз ғана мөлшермен тамақтандыруды енгізу;
тамақтандыруды көкөністер немесе ботқалардан бастау;
бір жастан асқан балалардың тамағына міндетті түрде шикі көкөністер мен жемістер қосу.
Көкөністер мен жемістерде пайдалы ішек бактериялары үшін тамаша «негіз» және құнарлы орта болып табылатын ерекше талшықтар – жасұнық бар. Осындай субстраттар пребиотиктер деп аталады.
Сәби кенеттен ауырып қалған кезде кейде құрамында пайдалы бактериялар бар дәрілерді қабылдау керек болады. Ол препараттар пробиотиктер деп аталады. Және осындай жағдайларда білікті дәрігерге жолығу керек, өйткені, түрлі жағдайларда түрлі бактериялар беріледі.
Микрофлораның негізгі қызметтері
Ересектер мен балалардың микрофлорасының міндеттері көп ерекшеленбейді. Бірақ, балалық шақта ішек микробиоценозының дұрыс қызметі өте маңызды. Өйткені, кішкене адамның иммунитеті, дұрыс ас қорытуы, демек өсуі мен дамуы, қан ұйыту жүйесінің дұрыс қызметі соған байланысты.
Иммундық жауаптың қалыптасуында ішек микробиотасының маңыздылығын толығырақ түсініп көрейік.
Иммунитет және бактериялар
Қазір ішектің тек қана ас қорыту түтігі емес, сондай-ақ, иммунитеттің маңызды орган екендігі құпия емес. Оның қабырғаларында иммундық қорғаныстың басты сарбаздары - Т және В лимфоциттері оқу мен даму үдерісінен өтетін пейер шытырасы – лимфалық тіннің көп мөлшері орналасқан [2]. Олар антигенді кездестіріп, бірге бейбіт тіршілік етуге болатын агенттерден залалды агенттерді ажыратуды үйренеді. Яғни, ауруларды жойып, бірақ ішектің пайдалы бактерияларына тиіспеуді үйренеді. Ал ол – тұрақты жұмыс және өте нәзік әлем.
Баланың өмірінің алғашқы минуттарынан бастап осындай үйрету басталады, ал қандай жолмен кететіндігі көптеген факторларға байланысты, өйткені, әр адамның микрофлорасының құрамы дербес, тіпті егіздердің өзінде ол әртүрлі болады. Және дәл осындай дербес ерекшеліктердің аутоиммунды аурулар мен онкологияның пайда болу мүмкіндігінің кейбір деректері бойынша маңыздылығы бар.
Сондықтан, өмірдің алғашқы күндерінен бастап кішкентай бактерияларға қамқорлық жасау, антибиотиктерді тек көрсетілімдері бойынша қолдану, микробиотаға адекватты мөлшерде және тиімділігі дәлелденген препараттармен көмектесу әр адамның дені сау болып жетілуі мен дамуы үшін өте қажет.