Адам ағзасында миллиардтаған бактериялар тіршілік етеді. Ол микроағзалар өзінің бірегей қызметін атқарып, патологиялық агенттерден қорғайды. Бүгін ішек микрофлорасы туралы, оны инфекция, аллергиядан тосқауыл жасау үшін және иммунитеттің адекватты қызметі үшін сақтау маңыздылығы туралы айтатын боламыз.
Микрофлора дегеніміз не?
Селбесу арқылы, яғни, өзінің иесімен бірігу арқылы тіршілік ететін микроағзалар - пайдалы микрофлора болып табылады. Адам ішегінде әдетте бактериялардың 500 дейін түрі тіршілік етеді. Өте жиі кездесетін негізгі микроағзалар:
Яғни, қалыпты ішек микрофлорасының құрамы әртүрлі. Алайда, осы микроағзалардың барлығы қандай қызмет атқарады? Адам ағзасы үшін 3 кг микробтың пайдасы неде?
Ішек микрофлорасының қызметтері
Туылған кезде адамның ішегі стерильді болып табылады, бірақ, босану жолдарынан өткенде, ана терісімен жанасу және емізу барысында сәбидің асқорыту жолына пайдалы бактериялар қоныстанады. Осылайша, өте маңызды кезең – микрофлораның қалыптасуы басталады. Кейбір деректер бойынша, табиғи босану мен ананың флорасы сәбидің ішегінде пайдалы бактериялардың алғаш қоныстануына, демек, сәби иммунитетінің қалыптасуына аса маңызды болып табылады [1].
Бастапқы жылдары ішек микробиотасының құрамы талай рет өзгереді, бірақ ішекке алғашқы бактериялар түскен кезден бастап, олар ағзаға тек ішек деңгейінде ғана әсер етпейді.
Қазіргі таңда белгілі ас қорыту жолының микрофлорасының негізгі қызметтері:
ас қорыту
зат алмасу
иммундік
қорғаныс [2]
Соңғы кездері, ішек микрофлорасының аутоиммунды аурулардың, семіздіктің, қант диабетінің, онкологияның және басқа патологиялық үдерістердің патогенезіне әсері туралы деректер көп кездеседі. Осы бағытта зерттеу жасаған ғалымдар микроағзалардың белгілі түрлерінің санын реттеу арқылы осы аурулармен күресуге болады деп санайды. Осылайша, ішекте тіршілік ететін бактерияларды тек ас қорытуға көмекші ретінде қарау дұрыс емес. Төменде миллиардтаған бактериялармен қатар тіршілік етудің қажеттілігі туралы толығырақ көрсетілген.
Ас қорыту
Ішек сапрофиттері, яғни, қорытылмаған тамақ қалдықтарымен қоректенетін бактериялар көптеген ферменттер бөледі. Тіршілік ету кезінде олар адам ағзасының белсенді ас қорыту заттары жасай алмаған, нәрлі субстраттарды ұсақ бөлшектерге ыдыратып, ішектің сіңіруіне көмектеседі. Сондықтан, дисбиоз, яғни, ішек микрофлорасының сандық немесе сапалық құрамының бұзылуы барысында, іш өту, іш кебуі сияқты диспепсиялық жағдайлар болмаған кезде дене салмағының азаюы, нәрлі заттардың сіңірілуі мен таралуының бұзылуы байқалуы мүмкін.
Зат алмасу
Бактериялар ас қорытуға қатысып қана қоймай, ағзаның өте маңызды қызметтерін реттейді, мысалы:
ақуыздар, майлар, көмірсулар, холестерин, өт қышқылдары және т.с.с. метаболизміне қатысатын бірқатар ферменттер өндірісіне ықпал етеді [2];
ағзаның витаминдік қажеттіліктерінің едәуір бөлігін қамтамасыз етуде: В тобындағы дәрумендер мен К витаминінің синтезі (бұл жерде жетекші рөлді 9 дәруменін түзетін ішек таяқшасы атқарады) [2];
бірқатар биологиялық белсенді заттар, гормондар (эстрогендер), зәр қышқылы, нейропептидтер, маңызды аминқышқылдарын өндірумен қатар, әртүрлі физиологиялық функцияларды, метаболизмді және мінез-құлықты реттейтін эффекторлар, кофакторлар және/немесе сигнал беретін молекулаларға жататын көптеген қосылыстардың реакцияларына қатысады [2].
Иммунитет
Ішектегі бактериялар мен иммунитеттің байланысы қандай деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Бірақ, адам ағзасы өте күрделі және дұрыс жүйе. Көптеген жаңа зерттеулердің деректері бойынша ішектің бактериялық пулы иммундық қорғаныс, оның қалыптасуы, иммундық жүйені «оқыту» және дұрыс жұмыс жасауында маңызды рөл атқарады. Қорғану күшін үйрету тұрақты түрде жүргізіледі: иммундық жүйе пайдалы бактерияларды анықтап, зиянды бактерияларды жойып, ағзаның әртүрлі тіндерінің жасушаларынан бактерияларды айыру, шартты залалды, яғни, аз мөлшерде пайдалы, ал көп мөлшерде ауру туғызатын микроағзаларды «тізгіндеп ұстауға» жаттығады. Осындай жаттығулар ас қорыту жолынан өтетін лимфалық тінде де жүргізіледі. Ол стерильды ағза тірі бөгде және агрессиялық микробтармен жанасатын және оларды қанағымына өткізбеуді үйренетін шектес орын болып саналады. Иммунитеттің өзіндік жаттығу алқабы болып табылады.
Зарарсыздық тәжірибесі
Иммунитет үшін ішек микрофлорасының маңыздылығы туралы абсолютті стерильді ішегі бар жасанды өсірілген тышқандарға жасалған белгілі тәжірибеде айтылады. Тышқандар стерильді жағдайларда туылып, тіршілік етті, ал ол жағдай тіпті аз ғана қауіпті микроағзалардың осындай ағзалардың өліміне әкеліп соқты, және осы тышқандардың иммундық жасушалар саны өте аз, дене салмағы төмен, көмірсулар, ақуыз және липид алмасуы бұзылған болды. Рационға әдетте ішекте тіршілік ететін пайдалы бактерияларды енгізгенде тышқандар салмақ қосып, иммундық қорғанысы күшейіп, тамақтану тәртібі жақсарды [3, 4].
Сондықтан, ішек микрофлорасының жай ғана «бактериялар жиылысы» емес, бізге тіршілік ету үшін және деннің сау болуы үшін көмектесетін жеке маңызды орган екендігін есте сақтау өте маңызды.
Р. В. ХУРСА, И. Л. МЕСНИКОВА, Я. С. МИКША. КИШЕЧНАЯ МИКРОФЛОРА: РОЛЬ В ПОДДЕРЖАНИИ ЗДОРОВЬЯ И РАЗВИТИИ ПАТОЛОГИИ, ВОЗМОЖНОСТИ КОРРЕКЦИИ. Минск: БГМУ, 2017. 36 с.