Фон зеленой волны Фон синей волны

Ересектердегі антибиотик қабылдаудан кейінгі іштің өтуі

Александр Флеминг 1928 жылы пенициллиннің бактерияға қарсы әсерін анықтаған кезде, ол өзінің ашқан жаңалығының әлемді күрт өзгертетінін білмеген еді.

Антибиотиктер дәуірі басталғалы бері адамзат өркениеті енді ешқашан бұрынғыдай болмайды. Бірақ қандай игілік болмасын, оны мөлшерлей білу қажет, әйтпесе у шығарып алу әбден мүмкін.

Бактерияға қарсы препараттар туралы айтатын болсақ, оларды тағайындау туралы шешімді білікті дәрігер емделушімен бірге қабылдауы тиіс. Өйткені, жанама әсерлер, микроағзалардың резистенттілігінің артуы, сонымен қатар, антибиотиктермен емделген жағдайда кездесетін микрофлора теңгерімінің бұзылуы ― есепке алыну тиіс айтарлықтай маңызды жайттар болып табылады. Бірақ, бәрін ақылға салып, бағдарлап көргенде де бактерияға қарсы препараттарды қолдану барысында іш өтуі ауруы өте жиі кездеседі. Сондай-ақ, осындай жағдай антибиотикті қолдану себебінен болған іш өту ауруы ретінде белгілі.

Микрофлора және антибиотиктер

Микрофлора теңгерімінің бұзылуын жаңа орынға көшуден бастап химиотерапия сияқты маңызды себептерге дейін көптеген факторлар тудырады. Шын мәнінде, ішек микробиотасы - өзіндік мінезі мен сезімталдығы бар, бірыңғай ағза ретінде қызмет атқарады. Бір жағдай себебінен бір емделуші ұзақ уақыт бойы өзін жайсыз сезінсе, екінші бір емделуші ешқандай қиыншылыққа тап болмайды.

Бірақ, антибиотиктерді қабылдау әрдайым ішек микрофлорасының жай-күйіне әсер етіп, төмендегідей симптомдар туғызады:

Іш ауруы Жүрек айнуы
Тәбеттің төмендеуі Іш өту [1]
Қалай емдейді?

Осы мәселелердің барлығы шартты-залалды, залалды және қалыпты флора теңгерімінің бұзылуының нәтижесінде пайда болады. Қалыпты флораның бактериялары - ағзамыздың достары болып келеді. Облигаттық, немесе ызметіне қажетті ішек «тұрғындары» ішек қабырғаларында өсіп-өніп, шартты-патогендік микроорганизмдердің көбеюіне жол бермейді. Бұл нәзік тепе-теңдік бұзылған кезде пайдалы бактериялардың мөлшері азайып, шартты-патогенді флораның шамадан тыс көбеюіне қолайлы жағдай туындап, ол патогендікке айналады, бұл құбылыс ішек қуысындағы қышқылдықтың бұзылуына, ондағы іру және ашу процесінің басталуына, одан диспепсияға, және жиі ретте іштің өтуіне ұласады [1].

Антибиотиктерді қабылдаудан кейін пайда болатын іш өту ауруы

Антибиотиктерді қабылдау барысында кездесетін іш өту ауруының себептерін үш негізгі топқа бөлуге болады:

orange-pills.svg

Антибиотиктердің аллергиялық, уытты және фармакологиялық жанама әсерлері.

blue-pills.svg

Өт қышқылдары мен көмірсулардың ішекте алмасуы мәселелері кезіндегі сұйықтықтың сіңірілуінің бұзылуы.

green-pills.svg

Қалыпты облигатты флораны басу нәтижесінде микробтардың мол дамуы [1].

Кейде іштің өтуі уақытша болуы және көп ыңғайсыздық тудырмауы мүмкін, бірақ кей жағдайларда симптоматика ауырлығы тоқ ішектің қатты қабынып ауруына дейін анық байқалады (тоқ ішек шырышының қабынуы). Сондықтан, әрдайым іштің өтуіне мұқият қарап, мүмкіндігінше бактерияға қарсы емделу барысында дисбактериозға қатысты ықтимал мәселелерді азайту қажет. Ол үшін білікті дәрігермен бірге емді мұқият таңдау қажет және бактерияға қарсы дәрілермен емделудің алғашқы күнінен бастап пребиотиктерді беру қажет.

Пребиотиктер және іш өту ауруы

child-microflora.png

Пребиотиктер ― бұзылу орын алған кезде әртүрлі жағдайларда ішек микрофлорасының теңгерімін реттеуге қабілетті тірі микроағзалар құрамында бар препараттар немесе өнімдер. Олар өз жұмысын әртүрлі тәсілдермен атқарады: залалды микрофлораның дамуын басады, ішек кеңістігінде қышқылдықты өзгертеді, белсенді түрде бөліседі және жай ғана пайдалы бактериялар штаммдарының орнын басады. Көбінесе, осындай қасиеттер лактобактериялар мен бифидобактерияларға тән. Олар сөзсіз, осындай міндеттерді тамаша атқарады, бірақ осы штаммдар негізіндегі препараттардың басты мәселесі ― оларды керекті жерге сандық және сапалық өзгеріссіз жеткізу.

Пребиотиктерге қойылатын нақты талаптар бар. Олар ең алдымен, ортаның агрессиялық факторларына төзімді болуы тиіс (асқазан сөлінің қышқылдығы және ферменттердің белсендігі). Пайдалы бактериялардың барлығы бірдей аталған міндетті атқара алмайды.

Бірақ, асқазан «елегінен» оңай өтетін, сондай-ақ, бактерияға қарсы емнің алғашқы күнінен бастап қабылдауға болатын, көптеген антибиотиктерге төзімді арнайы спора түзуші микроағзалар бар. Ол бактериялар - Bacillus clausii деп аталады [3]. Осы мироағзаның ерекшелігі туралы толығырақ мақаладан оқыңыз. Ол шын мәнінде де маңызды да, назардан тыс қалмауы тиіс бацилла болып табылады.

Пребиотиктерден басқа қандай ем бар?

Ең алдымен, әрине, диета. Механикалық және химиялық жағынан жеңіл тағам ― ішектің зақымданған шырышын сақтайтын, қышқылдықты көп өзгертпейтін, ал кей жағдайларда дәреттің тоқтауына ықпал ететін маңызды фактор. Сондай-ақ колит, энтероколит, оқшауланған диареяға арналған арнайы диеталар бар.

Сұйықтықтың маңыздылығы

water.svg Ең бастысы, кез-келген іш өту ауруының қаупі сусыздану екендігін естен шығармау керек. Ағзаның су теңгерімін міндетті түрде қайта қалпына келтіру қажет. Кейде, қарапайым су жеткіліксіз болып, регидратациялық құралдарды қолдану қажет болуы мүмкін.

Бірақ, ең алдымен судың мол ішілуіне қарамастан өзіңізді әлсіз сезінсеңіз, ұйқышылдық, бұлшықеттердің созылмалы ауруы байқалса, дәрігерге жолығыңыз. Сусыздану қауіпті аурудан кейінгі асқыну болып саналады.

  1. Самсонов АА, Плотникова ЕЮ. Антибиотики: друзья или враги, как найти консенсус? Взгляд гастроэнтеролога на антибиотик-ассоциированную диарею // Трудный пациент. 2012. №6. URL: https://cyberleninka.ru/article/n/antibiotiki-druzya-ili-vragi-kak-nayti-konsensus-vzglyad-gastroenterologa-na-antibiotik-assotsiirovannuyu-diareyu (дата обращения: 24.02.2021).
  2. Шевяков М.А. Антибиотик-ассоциированная диарея и кандидоз кишечника: возможности лечения и профилактики. Антибиотики и химиотерапия. 2004; 49: 10: 26–29.
  3. Скрыпник ИН, Маслова АС. Эффективность и безопасность современных спорообразующих пробиотиков при лечении нарушений микробиоценоза кишечника /Специализированный медицинский портал. http://health-ua.com/pics/pdf/ZU_2013_22/28-30.pdf (дата обращения 12.02.2021).

Өз бетіңізбен емделмеңіз – дәрігермен кеңесу керек