Фон зеленой волны Фон синей волны

Балалардағы антибиотиктермен
байланысты іш өту

Өмірге келгеннен бастап адам ағзасы көптеген микроорганизмдермен байланысады. Қоршаған ортамен алғашқы байланыста жаңа туған нәресте микробтық флораның әртүрлі өкілдерімен кездеседі, кейін олар оның терісін, шырышты қабығын, тыныс алу жүйесін және асқазан-ішек жолдарын тез толтырады[1].

child-diarrhea.png

Бактериялар, әсіресе ішек микробиомасы деп аталатын бактериялар баланың бейімделуінде маңызды рөл атқарады, сонымен қатар әртүрлі функцияларды орындайды[1]:

  • Зат алмасу процестеріне қатысу[1]
  • Витаминдер синтезі, микроэлементтердің сіңуін және
    шығарылуын реттеу[2]
  • Иммунитетті қалыптастыру
  • Ауру тудыратын микроорганизмдерден қорғау
    (сальмонеллалар, дизентерия қоздырғыштары,
    саңырауқұлақтар)[2].
Қалай емдейдi? microflora-bacteries.svg

Олардың құрамы өмір бойы сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін. Айқын байқалатын өзгерістер пайда болған жағдайда мәселен, антибиотиктердің әсерінен зат алмасу мен қатар әртүрлі бұзылулар пайда болуы мүмкін[1]

Себептері

Микробиоманың күйіне әсер ететін ең маңызды факторларға[3]:

  • дәрілік препараттарды, атап айтқанда антибиотиктерді қабылдау
  • инфекциялар
  • тамақтанудағы қателіктер: аштық, жаңа диетаға көшу, қосымша тағамдарды енгізу, диета
  • асқазан-ішек жолы мүшелеріне операциялық араласу
  • гормоналды өзгерістер, стресс және т. б. жатады.

Алайда, үлкен бұзылуларға, диареяның (іш өту) дамуымен қатар әртүрлі дәрі-дәрмектерді қолдану әкеледі. Нәжістің әлсіреуіне әкелетін 700-ден астам дәрі бар. Бұл топқа барлық бактерияға қарсы агенттер кіреді. Кең спектрлі антибиотиктердің барлық кластары белгілі бір дәрежеде тоқ ішектің қалыпты микрофлорасын тежейді[3].
Микробиомаға таблетка немесе шәрбәт түрде қабылданатын антибиотиктер кеңінен әсер етеді. Алайда, инъекцияларға тағайындалған дәрі-дәрмектер сілекей, өт және басқа ішек сұйықтықтары арқылы ішектің микробтық флорасына әсер етуі мүмкін.

Балада антибиотиктермен байланысты диареяның дамуына әсер ететін қосымша факторлар болуы мүмкін[3]:

  • 7 жасқа дейінгі балалар
  • нәжісті жеңілдетуге бейімділік
  • кең спектрлі антибиотиктерді қолдану
  • ауруханада ұзақ емделу
  • жиі клизмаларды қолдану
  • алдыңғы операциялық араласулар.
microflora-bacteries.svg

Салдары

Бактерияға қарсы агенттерді қолданудың салдары әртүрлі болуы мүмкін: жеңіл диареядан ауыр колитке дейін[3]. Барлық осы жағдайлар антибиотикпен байланысты диареяның формалары болып табылады. Мұндай диагноз антибиотиктерді қабылдаумен байланысты қатарынан 2 немесе одан да көп күн ішінде түзілмеген немесе сулы нәжістің 3 немесе оданда көп қайталанған жағдайларда қойылады[3].

Антибиотиктермен байланысты диареяның түрлер[4]:

  • қарапайым диарея – нәжістің айқындалмаған бұзылуы, іштің ауыруы, іштің кебуі, баланың жалпы жағдайы бұзылмаған (негізгі аурумен байланысты белгілерден басқа)
  • геморрагиялық колит – қан аралас нәжіс, іштің ұстамалы ауыруы, дене қызуының жоғарылауы
  • псевдомембранозды колит – ауыр диаеря түрі, күніне 4-тен 10 рет пайда болатын шырышты нәжіс, кейде қан аралас, сусызданц, қысымның төмендеуі, жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы, ақуыз алмасуының бұзылуы, қауіп факторларына-узақ уақыт ауруханада болу, 5 жасқа дейінгі балалар, антибиотиктердің белгілі бір топтарын қабылдау жатады, мысалы, цефалоспориндер[5].

Диареяның даму жиілігі 5-тен 35%-ты құрайды. Бұл емдеу аясында да, антибиотиктерді қабылдағаннан кейін 8 апта ішінде де пайда болуы мүмкін.

Бактерияға қарсы препараттар ішек микрофлорасының сапалық және сандық құрамының бұзылуын тудырады, бұл олардың фармакологиялық, уытты және аллергиялық әрекеттерінен туындайды[3]. Даму механизміне байланысты диарея:

  • Осмотикалық – көмірсулар, май қышқылдары және сүт қышқылы алмасуының бұзылуымен байланысты. Ішекте антибиотиктердің толық сіңірілмеуі нәтижесінде осмотикалық қысым күрт артады[5], бұл сұйықтықтың көп мөлшерін жоғалтуына әкеледі.
  • Секреторлық – хлоридтер мен судың көбеюіне байланысты пайда болады.
  • Гипермоторлы – асқазан мен ішек моторикасының жоғарылауына байланысты.
  • Уытты[5] – пенициллин антибиотиктерінің, сондай-ақ тетрациклиндердің ішек шырышты қабығына әсерінен туындауы мүмкін.
  • Жұқпалы – өз микрофлорасының және оның қорғаныс функциясының тежелуі дисбактериозға және қоздырғыштардың көбеюіне әкеледі, мысалы, антибиотиктерге төзімді Clostridium difficile, бұл жағдай көбінесе дене қызуының көтерілуімен бірге жүреді.

Дисбактериоздың дамуына бактерияға қарсы агенттерді ұзақ уақыт тағайындау, енгізудің және дозаны таңдаудың дұрыс емес болуы, саңырауқұлаққа қарсы препараттарды ұтымсыз қолдану секілді факторлар әкеліп соғады[5].

Не істеу қажет

medical-insurance.svgАнтибиотиктермен байланысты диареяны емдеуді дәрігер тағайындайды. Өзін-өзі емдеу асқынуларға әкелуі мүмкін. Дәрігерге көріну өте маңызды.

Антибиотикпен байланысты диареяны емдеудің негізгі қағидасы – оны қабылдауға себеп болған бактерияға қарсы препаратты жою немесе оны басқасына ауыстыру болып табылады[5]. Кейде бұл симптомдардың өздігінен кетуі үшін жеткілікті.

Әрі қарай жасалатын терапия сұйықтық пен электролиттердің жоғалуын жеңуге бағытталған. Ол үшін дәрігер су-электролит балансын қалпына келтіру үшін әртүрлі сүйықтықтарды тағайындай алады[4].

Ішек моторикасын тежейтін диареяға қарсы препараттарды қолдануға жол берілмейді, себебі ол одан әрі интоксикацияны, қабыну процесінің дамуын тудыруы мүмкін, әсіресе егер бұл инфекциялық түрі болса.

Көбінесе жұқпалы диареяның қоздырғыштарымен (клостридия) күресуге көмектесетін дәрі – дәрмектерді қабылдау қажет- олар антибиотиктер немесе бактериофагтар болып табылады[4]. Бұл әсіресе аурудың ауыр түрлерінде, ерте жастағы балаларда және қатар жүретін ауыр аурулар болған кезде өте маңызды.

Микрофлора бұзылған жағдайда (дисбактериоз) арнайы – пре- және пробиотиктерді қолдану көрсетілген[5]. Бұл бактериалды препараттар, олардың құрамында ішектерді толтыратын және микробиоманың құрамын жақсартатын микроорганизмдердің үлкен дозалары бар.

Пробиотиктердің құрамына кіретін микроорганизмдер ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) белгілеген талаптарға сәйкес келуі тиіс, олардың ішінде:

  • жұқпалы ауруды тудыра алмайтын
  • өт, панкреатиялық, асқазан және ішек секрецияларына төзімді
  • препаратты сақтаудың мерзімі ішінде тұрақтылығы мен өміршеңдігін сақтайтын
  • тірі жасушалардан тұратын
  • өз ішек флорасын жоймайтын
  • генетикалық паспорты және тұрақтылықтылығы жайлы дәлелі бар болуы тиіс.

Мұндай бактерияларға : L. acidophilus, L. rhamnosus (L GG), B. вифидум, Streptococcus faecium SF 68, Streptococcus termophilus, Saccharomyces boulardii[5] , Bacillus clausii және басқалар жатады.

Алдын алу

Антибиотиктермен байланысты диареяның дамуын болдырмау үшін[5]:

  • Антибиотиктерді аурудың себебі негізделген және туындаған жағдайда ғана қолдану. Оларды тек дәрігер тағайындай алады. Бұл ретте олар белгілі дозада және белгілі бір кесте бойынша қабылдануы тиіс.
  • Антибиотикалық терапияның бірінші күнінен бастап тиімділігі дәлелденген пробиотиктерді қолдану әсіресе қауіп-қатер тобына кіретін науқастар.
  1. В.В.Черников, А. Н. Сурков. Балалардағы антибиотикпен байланысты диарея: алдын-алу және емдеу принциптері. Қазіргі педиатрия мәселелері, 2012, 11 том, №2, 48-55 беттер.
  2. А.Н.Сурков. Балалардағы антибиотикпен байланысты диареяны емдеу мен алдын-алудың заманауи технологиялары. Қазіргі педиатрия мәселелері, 2011, 10 том, №5, 146-150 беттер.
  3. О.Ю. Белоусова. Балалардағы антибиотикпен байланысты диареядағы пробиотиктер: дұрыс таңдау. Бала денсаулығы, 2016, №5.1 (73.1), 15-22 беттер.
  4. О.М. Аноненко. Педиатр тәжірибесіндегі антибиотикпен байланысты диарея. Терапияның заманауи аспектілері. Медициналық кеңес, 2013, № 1, 36-42 беттер.
  5. О.Ф. Харченко. Балалардағы антибиотикпен байланысқан диарея: емдеудің жаңа мүмкіндіктері. Халықаралық шолулар: клиникалық тәжірибе және денсаулық. 2014, №3, 82-88 беттер.

Өз бетіңізбен емделмеңіз – дәрігермен кеңесу керек