Балаларда да, ересектерде де ішек микрофлорасының теңгерімінің бұзылуы, жалпы алғанда ұқсас өткенімен, сәбилерде бұл жағдайда өз ерекшеліктерімен айқындалады. Өйткені, көбінесе балалар дисбактериозы іш өту белгілерімен бірге жүреді.
Сәбилердің ішек микрофлорасы өмірінің алғашқы сағаттарынан-ақ, белсенді түрде қалыптаса бастайды. Бұл қалыптасу баланың өмірінің алғашқы жылдарында жалғаса түседі. Ішек инфекциясын жұқтыру және антибиотикалық терапияны қолдану бұл процеске айтарлықтай зиянын тигізуі мүмкін.
Балалар үшін, әсіресе, қосымша тамақтандыруға дейінгі кезеңде, микрофлора теңгерімінің бұзылуы – ауыр соққы болып келеді. Өйткені, ішектегі пайдалы бактериялар ас қорытуға көмектесіп қана қоймай, жүйелік және жергілікті иммунитетті ынталандыруға қатысады.
Клиникалық көрініс
Бұрын айтылғандай: дисбиоз –ауру емес, синдром.
Яғни, ішек микрофлорасының сандық және сапалық құрамының өзгеруіне әкеліп соғатын факторлар жиынтығы. Балар дисбиозының белгілері:
Сәбилерде дизбиоздың белгісі ретінде іштің өтуі –аса қауіпті нышан (диарея). ДДСҰ деректері бойынша іш өту ауруы – 5 жасқа дейінгі сәбилер арасындағы шетінеудің тізімінде екінші орында тұр [2]. Әсіресе, ағзаның суды және электролиттерді жоғалтуы үш жасқа дейінгі сәбилер үшін қауіпті болып саналады. Сондықтан, ағзадағы сұйықтықты орынды толтыру және мүмкіндігінше, іш өтуін тезірек тоқтату маңызды келеді.
Алайда, нәрестенің сұйық дәреті әрқашан іш өту ауруын білдірмейтінін де есте сақтау қажет. Мысалы, емшектегі балаларда сұйық дәрет жиі болып тұрады және ол қалыпты нәрсе. Нәжіс шығарудың кенеттен артуы және консистенцияның сұйық дәретке дейін өзгеруі балаларда іш өту ауруын білдіреді.
Диагностика
Заманауи медицинаның пікірінше, дисбиозды, әсіресе сәбилерден диагностикалау қиын боп келеді. Үлкен дәретті бактериологиялық зерттеу немесе «дисбактериозға» талдау аса мардымды ақпарат бермейді. Тек үлкен дәреттің талданысы ғана ішектің түрлі бөлімдеріндегі микрофлора жағдайының толық ақпаратын бере алмайды. Сондықтан, нақты диагностика жасау үшін мұқият анамнез жиналып, дәрігер сәбиді толық тексеруі тиіс.
Мұқият анамнез жинау мен балалар дәрігерінің сәбиді тексеруі дисбиоз дамуын анықтауға көмектеседі. Кейде, осы әрекет жеткілікті болады.
Дисбиозды емдеу
Өздігінен емделу өте қауіпті болуы мүмкін, сондықтан міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз. Дисбиозды емдеудегі алғашқы міндет іш өту ауруына шалдыққан сәбидің дәретін қалпына келтіру, сосын барып, біртіндеп – микрофлора теңгерімінің бұзылуына қатысты өзге мәселелерді шешу. Көбінесе, іш өту ауруы инфекциялар және антибиотиктерді қолдану себебінен пайда болады. Кейде антибиотиктерді қолдану өз кезегінде, шартты-залалды флораның артуы есебінен – екінші жергілікті инфекцияны тудыруы мүмкін. Оған мысал, клостридия дифицилламен байланысты колит (тоқ ішектің шырышты қабығының қабынуы) болып табылады.
Балалардың ішек микрофлорасын қайта қалпына келтіруге бағытталған жалпы ұсыныстар:
емшектегі балаларды емізуді жалғастыру;
ортақ үстелден тамақтанатын балалардың диета ұстануы;
Кей жағдайда дәрігер нәрестеге дәрі-дәрмектер тағайындауы мүмкін. Мысалы, бұл мырыш препараттары немесе пробиотиктер болуы мүмкін. Пробиотиктер, әсіресе антибиотикпен байланысты диарея болған кезде жиі тағайындалады. Патологиялық микрофлораны басып, пайдалысын қолдайтын пробиотиктер әр науқасқа жеке түрде тағайындалады. Пробиотиктер келесі қасиеттерге ие болуы керек:
патогендік белсенділігінің болмауы;
асқазан-ішек сөлдеріне тұрақты болуы;
сақталу мерзімі аяқталғанға дейін құрамы мен қасиеттерін жоғалтпауы;
адам ағзасына енгізілетін пробиотиктердің штамдары ішектің қалыпты микрофлорасын тежемеуі керек;
генетикалық паспорты және генетикалық тұрақтылығының дәлелі болуы керек [3].
Бұндай қасиеттерге ие микроағзалардың саны көп емес. Олардың біріне Bacillus Clausii жатады. Жоғарыда аталған қасиеттерден басқа, бұл пайдалы бактериялар жергілікті иммунитетті нығайтуға көмектеседі [3]. Бұл бациллаларды антибиотиктерді қабылдаудың алғашқы күнінен бастап емге қосуға болады, өйткені олар антибиотиктердің көпшілігінің әсеріне төзімді келеді. Оның қауіпсіздігінің жоғары деңгейі бұны балалар еміне қолдануға мүмкіндік береді [3,4].
Осы бацилла туралы толығырақ Bacillus Clausii туралы мақаладан оқыңыз.